Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олжас Сүлейменовтің әйелі дүниеден өтті

Опубликовано:

Олжас Сүлейменов жұбайы Маргаритамен
Олжас Сүлейменов жұбайы Маргаритамен. Фото: almaty.tv

Белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің жары Маргарита Сүлейменова дүниеден өтті. Бұл туралы журналист Бигелді Ғабдуллин Facebook парақшасында хабарлаған.

Ғабдуллиннің айтуынша, Маргарита Сүлейменова 87 жаста болған.

"87 жасқа қараған шағында Олжас Омарұлы Сүлейменовтің жары Маргарита Владимировна өмірден озды", - деп жазды журналист.

Әлеуметтік желі қолданушылары ақынның қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

"Әдебиет" әдеби порталының мәліметінше, ақын, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов 1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

1959 жылы ҚазМУ-дің геология факультетін бітірген. М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған.

"Казахстанская правда" газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, "Қазақфильм" киностудиясы сценарийлік-редакциялық алқасының бас редакторы, "Простор" журналының бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы болған. Одан кейін Қазақстан Республикасының жоғарғы кеңесінің депутаты, "Невада-Семей" қозғалысының төрағасы болды. 1995 жылда Қазақстанның Италиядағы төтенше өкілетті елшісі қызметін атқарды. Бүгінде Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы төтенше өкілетті елшісі және тұрақты өкілі. 

Туындыларын орыс тілінде жазады. Өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы – "Арғымақтар" (1961) шыққаннан кейінгі жылдардан бері "Адамға табын, Жер, енді" өлеңдері бүгінгі ТМД мен шет ел тілдеріне аударылып, жеке кітап болып бірнеше рет басылды.

Кинодраматургия, әдеби зерттеу саласында да еңбек етіп жүр. Оның жазған сценарийі бойынша "Атамекен", "Көгілдір маршрут", "Қыс – қолайсыз маусым", "М.Әуезов туралы сөз", "Үндістан сазы", "Жастық шақ заставасы" және т.б. фильмдер түсірілген.

Сонымен қатар "Аз и Я", "Язык письма" атты тілге қатысты зерттеулері жарық көрді. "Жалынның шалқуы" атты өлеңдер жинағы француз тілінде шыққан.

Халық Конгресі партиясының лидері. Қазақстан Меценаттар клубының "Тарлан" сыйлығының (2000) лауреаты әрі Қазақстанның Халық жазушысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018652-olzas-suleimenovtin-aieli-qaitys-boldy/

pixel