Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жас жігіттер жаппай төбелес шығарды (видео)

Опубликовано:

Алматыдағы төбелес
Алматыдағы жаппай төбелес. Видеодан кадр: Т.me/almatykrisp

Алматыда 28 сәуір, жұмаға қараған түні жастар жаппай төбелес шығарды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтады, деп хабарлайды "ҚР ІІМ жаңалықтарының" Telegram-арнасы.

Төбелесті өтіп бара жатқандар түсіріп алған, таңертең видео әлеуметтік желіде тарады.

"Шамадан тыс белсенді жастардың қатысуымен жаппай төбелес болды. Біреудің әскерге баратын уақыты жеткен сияқты", – делінген төбелес түсірілген видеоның бірінде.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 28 сәуір күні түн жарымда полицияға Розыбакиев пен Есқараев көшелерінің қиылысында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Жедел басқару орталығының қызметкерлері оқиға орнына полицияның патрульдік экипаждарын жіберіп, құқықбұзушылықты тоқтатты. Оқиғаға қатысушыларды ұстап, Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізді", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғаны айтылған.

Құқық қорғаушылар төбелеске қатысы бар әр адамның әрекетіне құқықтық баға берілетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018654-almatyda-zas-zigitter-zappai-tobeles-sygardy-video/

pixel