Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысының тұрғыны мобильді қосымша орнатамын деп 9,5 миллион теңге қарызға батты

Опубликовано:

Ұялы телефон ұстаған қыз
Ұялы телефон ұстаған қыз. Көрнекі сурет: Рixabay.com

Абай облысының тұрғыны телефонына AnyDesk қосымшасын орнатқаннан кейін оның атына жалпы сомасы 9,5 миллион теңге несие ресімделген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құзырлы органның мәліметінше, сәуір айының ортасында Аягөз аудандық полиция бөліміне 43 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген.

Әйелдің айтуынша, оған телефон арқылы белгісіз біреу хабарласып, өзін банктер қауымдастығының қауіпсіздік қызметкерімін деп таныстырған. Қоңырау шалған адам әйелге есеп шотындағы күдікті тудыратын операциялар туралы айтқан.

Әйелдің жеке деректерін нақтылаған соң ол AnyDesk қосымшасын жүктеп алуды сұраған. Кейін соның көмегімен тұрғынның атына әр түрлі банктерден жалпы сомасы 9,5 миллион теңге болатын несие ресімдеген.

Полицияның ақпаратынша, қазіргі таңда бұл фактіге байланысты Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Күдіктілерді анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018672-abai-oblysynyn-turgyny-mobildi-qosymsa-ornatyp-95-million-tenge-qaryzga-batty/

pixel