Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура: Күдебаев Отанына өз еркімен оралғысы келген жоқ

Опубликовано:

Серік Күдебаев сот отырысында
Серік Күдебаев сот отырысында. Видеодан кадр: NUR.KZ

Бүгін, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы басталмас бұрын ұлы әкесінің Қазақстанға өз еркімен оралғанын мәлімдеген еді. Алайда оның сөзін Бас прокуратура жоққа шығарды.

Сот отырысына дейін генерал-майордың ұлы Арман Мырзақұлов әкесінің Қазақстанға өз еркімен оралғанын айтты.

"Серік Күдебаевтың екінші ұлымын. Түнде кіші ініме әкем телефон соғып: "Еліме қайтып бара жатырмын. Сендерді жақсы көремін. Еліме өзім ораламын" деп айтыпты. "Мен қазір телефон шалдым, алып кетеді" деген. Ал БАҚ-та ұстадық деп жазып жатыр", - дейді Серік Күдебаевтың ұлы.

Алайда еліміздің Бас прокуратурасы Zakon.kz тілшісіне бұл ақпаратты жоққа шығарған. Ведомство Серік Күдебаевты ұстап, елге қайтару мақсатында шетелдік әріптестермен бірлесе отырып, ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өткен.

Сондай-ақ Бас прокуратура Интерпол күштері тартылып, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысын экстрадициялау бойынша Түркияның әділет министрлігіне материалдар жіберілгенін да айта кеткен.

"Күдебаев Отанына өз еркімен оралғысы келген жоқ, өйткені алынған ақпарат бойынша ол сол елде тұруға рұқсат сұрап, құжаттарын тапсырған", - деп хабарлаған Бас прокуратура Zakon.kz-ке.

Қадағалау органының мәліметінше, Серік Күдебаев Түркияда ұсталып, Қазақстанға жеткізілген.

Еске сала кетейік, бүгінгі сот отырысында Серік Күдебаев соңғы сөзін айтып, өзінің кінәсіз екенін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018706-bas-prokuratura-kudebaev-qazaqstanga-oralgysy-kelmedi/

pixel