jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Қазақстанда азаматтардың тууы мен өлімін мемлекеттік тіркеу қызметі тегін болып қалды

    Туу туралы куәлікті ұстап тұрған әйел
    Туу туралы куәлік. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    24 сәуір күні Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін айқындау бойынша тиісті бұйырық жобасы қайта қаралып, адамның тууы мен өлімін мемлекеттік тіркеу қызметі тегін болып қалды. Жаңа құжат Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Айта кетейік, бұған дейін елімізде баланың тууын мемлекеттік тіркеу, әке болуды (ана болуды) белгілеу, баланы асырап алу үшін, атын, тегін және әкесінің атын өзгертуге байланысты тууды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ адамның өлімін мемлекеттік тіркеу ақылы болуы мүмкін екенін хабарлаған едік.

    Тиісті бұйырық жобасы қоғамдық талқыға шығарылған еді.

    Енді қайта қаралған құжатқа сәйкес, атын, әкесінің атын, тегін өзгертуге байланысты тууды мемлекеттік тіркеуді қоспағанда, қалған қызметтер тегін болып қалды. Бұл қызмет үшін қосылған құн салығын (ҚҚС) есептегенде 1 932 теңге, есептемегенде 1 725 теңге төлеу керек болады.

    Сондай-ақ некені мемлекеттік тіркеу үшін 3 864 теңге (ҚҚС-пен есептегенде), өзара келісім бойынша некені бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін - 7 728 теңге (ҚҚС-пен есептегенде) көлемінде баж салығын төлеу қажет.

    Тағы қандай мемлекеттік тіркеу қызметтері ақылы және тегін екенін толығырақ Ашық НҚА порталынан біле аласыз.

    Бұйрық мәтінінің скриншоты.
    Бұйрық мәтінінің скриншоты: legalacts.egov.kz

    Қазақстанда азаматтардың тууы мен өлімін мемлекеттік тіркеу қызметі тегін болып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.