Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бердібек Сапарбаевқа жаңа атақ берілді

Опубликовано:

Бердібек Сапарбаев сұхбат беруде
Бердібек Сапарбаев. Скриншот: "Хабар" арнасы

Қазақстанның мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевқа "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атағы берілді. Бұл туралы өңірлік әкімдік ресми сайтында хабарлады.

Ақтөбеде облыстық мәслихаттың сессиясы өтіп, биылғы жылға өңірдің бюджеті нақтыланған.

Сонымен қатар депутаттар "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім қабылдады:

  • мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевқа;
  • ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Серікбай Рзабаевқа;
  • медицина профессоры Нағашыбай Ақатаевқа және облыс ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтовқа.

Бердібек Сапарбаев 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында дүниеге келген. 

1977 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын "Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қызылорда облысының Задарьинский совхозының жұмысшысы болып бастаған.

Әр жылдары Республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары басқармасында экономист, ҚазССР қаржы министрлігінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары, Президент аппараты бөлімі мен министрлері кабинетінің істер басқармасының қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облысының әкімі болған.

Одан бөлек Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, премьер-министрдің орынбасары, Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қаржы министрлігінің вице-министрі - кедендік бақылау комитетінің төрағасы, Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі сынды лауазымды қызметтерді атқарған.

Ол соңғы рет 2020 жылдың 10 ақпанынан 2022 жылдың 7 сәуіріне дейін Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018742-berdibek-saparbaevqa-zana-ataq-berildi/

pixel