jitsu gif branding logo appbranding logo app

Павлодар облысында 750 млн теңгеге 51 бала оқитын мектеп салынбақ

сынып
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында 750 млн теңгеге 51 бала оқитын мектеп салынбақ. Шағын білім ордасына осыншама қаржы бөлінгеніне мәслихат депутаттары күдікпен қарап отыр, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарнаның ақпаратынша, депутаттардың күдігін тудырған жаңа мектеп Железин ауданының Моисеевка ауылында бой көтермек. Құрылысына қазынадан 750 млн теңге бөлінген. Алайда қомақты қаражат халық қалаулыларының күдігін тудырды.

"Біз мектеп салуға қарсы емеспіз. Бірақ бұл мектепке бөлініп отырған қаражат сомасы өте үлкен. Бұл күдік тудырып отыр және тағы бір күдік тудырып отырған нәрсе. Сметалық құжаттар бізге көрсетілген жоқ. Және екіншіден бұл мектепті салатын компания күдік тудырып отыр. Өйткені былтырғы жылы 8 июньде аукционды жеңіп алған бірақ бұл компания сол аукционға дейін үш-төрт ай бұрын ғана құрылған екен", - деді облыстық мәслихат депутаты Фуат Сатыбаев.

Моисеевка орта мектебінде бар жоғы 51 бала оқиды. Бұрынғы мектеп апатты күйге түскендіктен, жергілікті билік жаңа білім ошағын салу туралы шешім қабылдаған. Ал әкімдік мектепті салдырғанан гөрі жеке меншік құрылыс компаниясынан сатып алғанды жөн көріпті.

"Ғимараттың бағасына келетін болсақ, құнын ешкім ойлап таппайды. Баға құжаттама арқылы шығады. Ол мемлекеттік сараптамадан өтеді. Заңмен дайын нысандарды сатып алуға болады. Бұл тәжірибе облысымызда қолданылып келеді, әрі қарай да қолданылады. Егер біз мемлекеттік қаржы арқылы конкурс жарияласақ, жауапты мердігер келеді дегенге кепіл жоқ", - еді Паавлодар облысыны әкімі Асайын Байханов.

Қазіргі уақытта жаңа мектептің құрылысы басталып кетті. Оған облыс әкімі өзі барып, қазығын қаққан.

Павлодар облысында 750 млн теңгеге 51 бала оқитын мектеп салынбақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.