Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев қалалық сенбілікке қатысты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi/8221?single

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Жасыл Астана" экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысып, елордадағы Желілік саябақта ағаш отырғызды, деп хабарлайды президент баспасөз қызметі Telegram арнасында.

Мемлекет басшысы сенбілік барысында волонтерлермен және студенттермен әңгімелесті.

"Қазақстан - біздің ортақ үйіміз. Сондықтан үйімізді таза ұстауымыз керек. Ағаш отырғызып, көшелерді тазалауымыз керек. Бұл – біздің азаматтық борышымыз. Бізде басқа ел жоқ. Сондықтан бәріңді жауапкершілігі мол азамат болуға шақырамын. Баршаңызға, әсіресе, волонтерлерге алғыс айтамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент баспасөз қызметінің мәліметінше, сенбілікке қатысқандар 2 түп қарағай және 39 түп жөке көшетін еккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018775-qasym-zomart-toqaev-qalalyq-senbilikke-qatysty/

pixel