Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тауарлық газ бағасы өседі

Опубликовано:

Газ
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның ішкі нарығында тауарлық газды көтерме сатудың шекті бағаларын бекіту туралы бұйрық жобасы дайындалды. Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі сәйкес шекті көтерме бағалар орта есеппен 15 пайызға өсетінін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстандағы тауарлық газдың орташа бөлшек сауда бағасы халық үшін 22,06 теңге/м3 құрайды.

Тауарлы газдың шекті көтерме бағалары 15 пайызға өскен кезде тұрғындар үшін бөлшек сауда бағасы аймаққа байланысты 1,1 теңгеден ден 3,87 теңге/м3-ге дейін (ҚҚС-сыз), орташа өсім шамамен 2,7 теңгені/м3 құрайды.

"Тауарлық газдың шекті көтерме бағасының өсуі тауарлық газды жеткізу құнының өсуіне, тауарлық газ өндірудің 2019 жылғы 33,1 млрд м3-ден 2022 жылы 27,8 млрд м3-ге дейін төмендеуіне және Қазақстандағы тауарлық газды тұтынудың өсуіне байланысты. Ішкі нарықта 2019 жылғы 15 млрд м3-ден 2022 жылдың соңына қарай 19,3 млрд м3-ге дейін өсуіне байланысты", - деп атап өтті энергетика министрлігі.

Бұйрық жобасы өңірлерді газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жылдарға бөле отырып көтеріледі. Биыл 1 шілдеден бастап 2028 жылғы 30 маусым аралығында ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасі бекітіледі. Заңнамаға сәйкес шекті көтерме бағалардың өсуі бір күнтізбелік жыл ішінде 15 пайыздан аспайды.

"Құжат "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы заңының 20-бабының 3-тармағына сәйкес 15 мамырдан кешіктірілмей бекітіледі", - деп қорытындылады министрлік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018791-qazaqstanda-tauarlyq-gaz-bagasy-osedi/

pixel