Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда өткен концертте 172 бала жоғалған

Опубликовано:

Атыраудағы гала-концерт
Атыраудағы гала-концерт. Көрнекі фото: Т.me/POLICE_of_KZ

Атырауда 16 мыңнан астам адам жиналған эстрада жұлдыздарының гала-концертінде 172 бала жоғалып кеткен, деп хабарлайды "ҚР ІІМ жаңалықтарының" Telegram-арнасы.

Жұма, 28 сәуір күні Атырауда эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен гала-концертке 16 мыңнан астам көрермен жиналған. Бірақ құқық қорғаушылардың мәліметінше, аталған концерт кезінде 172 бала ығы-жығы жұрттың арасында ата-анасынан көз жазып қалған.

"Сағат 19:00 мен 00:00 аралығында алаңда жұмылдырылған полицейлерге бала жоғалды деген дерекпен 170-тен астам шағым келіп түскен. Оның 125 жасөспірім, 14 жастан 18 жасқа дейінгілер, ал 47 бала жас шамасы 1,5 жастан 14 жасқа дейінгі бүлдіршіндер", – делінген ведомство хабарламасында.

Полицияның дерегінше барлық бала табылып, аман-есен ата-аналарына табысталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018816-atyrauda-otken-koncertte-172-bala-zogalgan/

pixel