Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысындағы балалар арасындағы төбелес: полиция түсініктеме берді

Опубликовано:

кадр
Видеодан кадр: t.me/egovpress

Әлеуметтік желіде балалар арасындағы төбелестің видеосы тараған еді. Кейінірек оқиғаның Жетісу өңірінде болғаны анықталды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі egovpress парақшасында жарияланды.

Кадрдан жасөспірімді бірнеше баланың жабылып, ұрғанын байқауға болады.

Бұған қатысты Жетісу облыстық полиция департаменті пікір білдіріп, оқиғаның 15 сәуірде Талдықорған қаласындағы орталық саябақ аумағында орын алғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта жанжалға қатысқандар анықталып, заңды өкілдерімен бірге қалалық полиция басқармасына жеткізілген.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, жасөспірімдер 2006-2007 жылы туған оқушылар.

Сонымен қатар ведомство бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлімімен ("Бұзақылық") сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018826-zetisu-oblysyndagy-balalar-arasyndagy-tobeles-policiya-tusinikteme-berdi/

pixel