Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысының соты жерде жатқан Қазақстан Елтаңбасы үшін жазаланды

Опубликовано:

Жетісу облыстық сотының ғимараты
Жетісу облыстық сотының ғимараты. Видеодан кадр: Іnstagram.com/angry_taldyk

Талдықорғандағы облыстық сот ғимаратының маңында жерде жатқан елтаңбаның макетін түсірген бейнежазбаны тәртіп сақшылары зерттеп, кінәлілерді жазалады, деп хабарлайды Жетісу облыстық ПД Instagram-дағы ресми парақшасында.

"Жауапты тұлғалардың әрекеті әкімшілік заңнамада көзделген құқық бұзушылық деп танылғанын хабарлаймыз.

Аталған факті бойынша ӘҚБтК-нің 418-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес облыстық сот әкімшілігінің Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.

Ведомство сондай-ақ бейне авторына азаматтық ұстанымын белсенді көрсеткені және құқық қорғау органдарына осындай құқық бұзушылықтарды анықтауға көмектескені үшін алғыс білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018835-zetisu-oblysynyn-soty-zerde-zatqan-qazaqstan-eltanbasy-usin-zazalandy/

pixel