Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ҚазТрансОйл" мұнайды Қазақстан арқылы өткізу мен экспорттау бойынша тарифтерін көтерді

Опубликовано:

"ҚазТрансОйл" мұнай өндіру компаниясы
"ҚазТрансОйл" мұнай өндіру компаниясы. Көрнекі сурет: kaztransoil.kz

1 мамырдан бастап "ҚазТрансОйл" АҚ Қазақстан аумағы арқылы транзитпен мұнай тасымалдауға және экспорт қызметтеріне тарифтерді көтерді, деп хабарлайды компанияның ресми сайты.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу мақсатында "ҚазТрансОйл" АҚ қызметтеріне мынадай тарифтер бекітілген:

  • Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясындағы теміржол цистерналарына мұнай құю - 1 тонна үшін 1 213,20 теңге мөлшерінде (ҚҚС-ті есепке алмағанда) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-ті есепке алмағанда) 409,57 теңге тариф болған);
  • мұнайды жылытусыз Каспий құбыр консорциумы жүйесіне ауыстырып тиеу - 1 тонна үшін 263,49 теңге мөлшерінде (ҚҚС-ті есепке алмағанда) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-ті есепке алмағанда) 122,91 теңге тариф болған);
  • мұнай айдау станциясында мұнайды жылытып, Каспий құбыр консорциумы жүйесіне ауыстырып тиеу - 1 тонна үшін 320,09 теңге мөлшерінде (ҚҚС-ті есепке алмағанда) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-ті есепке алмағанда) 128,43 теңге тариф болған);
  • "Мақат" мұнай айдау станциясында мұнайды «Кеңқияқ - Атырау» мұнай құбырына ауыстырып тиеу - 1 тонна үшін 2 283,27 теңге мөлшерінде (ҚҚС-ті есепке алмағанда) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-ті есепке алмағанда) 1 118,10 теңге тариф болған);
  • "Кеңқияқ" бас мұнай айдау станциясында мұнайды ауыстырып тиеу - 1 тонна үшін 337,5 теңге мөлшерінде (ҚҚС-ті есепке алмағанда) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-ті есепке алмағанда) 89,15 теңге тариф болған);
  • бірыңғай маршруттау жөніндегі операторлық қызмет - 1 тонна үшін 84,47 теңге мөлшерінде (ҚҚС-ті есепке алмағанда) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-ті есепке алмағанда) 41,45 теңге тариф болған);
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында Н.Н. Шманов атындағы мұнай айдау станциясындағы мұнайды 1 тонна үшін 1000,00 теңге мөлшерінде (ҚҚС-ті есепке алмағанда) "Кеңқияқ - Атырау" мұнай құбырына ауыстырып тиеу (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-ті есепке алмағанда) 500 теңге тариф болған).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018881-qaztransoil-munaidy-qazaqstan-arqyly-otkizu-men-eksporttau-boiynsa-tarifterin-koterdi/

pixel