Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяз, үсік, найзағай: еліміздің 14 облысында дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Табиғат
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ауа райының күрт бұзылуына байланысты "Қазгидромет" еліміздің 14 облысында дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2 мамырда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстікте тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік- шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында найзағай, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады.

Ұлытау облысында солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының Алкөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 17-22, екпіні 30 м/с және одан аса сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында, шағысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Семей қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

2 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Өскемен қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 02 мамырда найзағай күтіледі. Күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 02 мамырда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Алматы облысының таулы аудандарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23-28 м/с. Түнде облыстың таулы аудандарында 1-6 градус үсік күтіледі. Қонаев қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Шымкент қ: 02 мамырда күндіз шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с. Түркістан қаласында күндіз шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақытта 23 м/с.

Жетісу облысының оңтүстігінде,шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады күші 17-22 м/с. Түнде облыстың таулы аудандарында 2 градус аяз күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 02-03 мамырда облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018918-ayaz-usik-naizagai-elimizdin-14-oblysynda-dauyldy-eskertu-zariyalandy/

pixel