Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ақылы жолдарды пайдалану ережелері өзгерді

Опубликовано:

Жолдағы жүк көліктері
Ақылы жол. Көрнекі фото: pixabay.com

Арнайы ақылы жол учаскелері қалалар арасындағы ұзақ қашықтықты жылдам еңсеруге мүмкіндік береді. Оларды кім тегін пайдалана алады және ақылы жол үшін төлем жасамағандарға қанша айыппұл салынады? Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыз.

2023 жылғы 24 сәуірде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің "Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаске) ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына қол қойылды.

Онда төлем әдістері, төлем жасамағаны үшін айыппұлдар және ақылы жолды тегін пайдалана алатын көліктер санаттары көрсетілген.

Биыл 8 мамырда күшіне енетін қабылданған өзгерістерге толығырақ тоқталсақ:

Қалай төлем жасауға болады?

Құжатқа сәйкес, ақылы жолдардағы қозғалысты ұйымдастыру – ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) бойынша жүріп өткені үшін төлем жасау бағдарламалық-аппаратық кешеннің көмегімен жүзеге асырылады.

Ол үшін үш әдісті қолдануға болады:

  • ақылы учаскелер бойынша жүру үшін алдын ала төлем жасау үшін пайдаланушылар учаскеге кірер алдында ұйымдастырушы ұсынатын төлем жүйелерінің сервистерін пайдалана отырып, дербес шотты немесе МТНБ шотын (көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі) алдын ала толықтырады.
  • кейінгі төлем - ақылы учаске арқылы өткеннен кейін жеті күн ішінде, сондай-ақ онлайн төлем арқылы жүзеге асырылады;
  • егер ақы төлеу пункті бар болса, сол жерде төлеу, жолдың кейбір учаскелерінде банк картасымен немесе қолма-қол ақшамен кіреберісте төлеуге болады.

Ақылы жолмен жүргені үшін кімге ақы төлеу қажет емес?

Ақылы учаскелерді пайдаланғаны үшін "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 5-2-бабында көрсетілген көлік құралдарының жекелеген санаттары төлемнен босатылады.

1) қызметтік міндеттерін орындаған кезде жедел медициналық жәрдем ұйымдарының; өртке қарсы қызметтің; авариялық-құтқару қызметтерінің; жол-патруль қызметінің; әскери техниканың арнаулы автокөлік құралдары;

2) қала маңындағы қатынастарда және ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) іргелес елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен қосатын қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;

3) ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;

4) жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;

5) ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін босатылады.

Ақылы жол бойындағы елдімекендердің тұрғындары жүк көтергіштігі мен көлік түріне қарай абонементтерді сатып ала алады.

Бұзушылықтар үшін айыппұл мөлшері

Қазақстандықтар ақылы жолдарды пайдаланғаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде ақы төлемеген жағдайда айыппұл төлейді. Осылайша, сегізінші күні тиісті материалдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 628-бабы бойынша істі қарау үшін көліктік бақылау органдарына жіберіледі.

Осындай әрекеттердің салдарынан көлік иелеріне айыппұл салынуы мүмкін:

  • жеке тұлғаларға - 5 АЕК немесе 17 250 теңге 2023 жыл бойынша;
  • заңды тұлғалар үшін - 10 АЕК немесе 34 500 теңге.

Бұндай жағдайда ақы төлеу пунктін айналып өтіп, ақылы жол учаскесіне кірген кезде де төлем жасаудан құтылу мүмкін болмайды. Өйткені, автомобильдерді тіркеу жолдағы бақылау аркалары арқылы жүзеге асады.

Бұл ережелер 2023 жылдың 8 мамырынан бастап күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018940-qazaqstanda-aqyly-zoldardy-paidalanu-erezeleri-ozgerdi/

pixel