Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Али Ахмедов PIN-UP.KZ-тың жаңа амбассадоры болды

Опубликовано:

PIN-UP Али Ахмедов
Али Ахмедов. Фото: PIN-UP

PIN-UP.KZ Қазақстандық лицензияланған букмекерлік кеңсесі өзінің жаңа амбассадоры — атақты боксшы, жартылай ауыр салмақтағы WBC Silver нұсқасы бойынша әлем чемпионы Али Ахмедовты таныстырғысы келеді.

Жақында спортшы PIN-UP.KZ букмекерлік кеңсесімен айрықша келісімшартқа қол қойды және оның ресми өкілі атанды. Қазақстан нарығында компания бір жылдай уақыт жұмыс істеп келеді және осы уақыт ішінде өзін сенімді беттинг-бренд ретінде көрсете алды.

Али Ахмедов — Қазақстанның кәсіпқой боксшысы, Геннадий Головкин командасының мүшесі. Ол 20 жекпе-жек өткізіп, 19 рет жеңіске жеткен, 14 жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған. 2022 жылы спортшы елге WBC Silver және IBF North American чемпион атағын алып қайтты. 2023 жылдың басында Али Ахмедов The Ring беделді басылымының нұсқасы бойынша өз дивизионының топ-10 рейтингісіне бірінші рет кіріп, тізімдегі Қазақстанның жалғыз өкілі атанды. WBC нұсқасы бойынша боксшы екінші орта санатта 3 орында тұр.

Аңдатпамен қатар, PIN-UP.KZ жарнамалық науқанды бастап қойды, Али Ахмедов оның бет-бейнесі болып табылады. Боксшы брендтің танымалдылығына ғана емес, сонымен қатар еліміздегі спорт индустриясының дамуына бағытталған басқа да іс-шараға қатысады.

"PIN-UP.KZ командасының бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын. Рингте мен әрдайым 100%-ға жан-тәніммен берілуге тырысамын және амбассадор ретінде жұмысымның да сәтті болуы үшін бар күшімді саламын", — деп бөлісті боксшы.

Беттинг-компания және Али Ахмедов әртүрлі жобалармен жұмыс істеуді бастап кетті, сондықтан болашақта көптеген қызықты әрі тартымды іс-шараларды күтудеміз.

"Таңдаудың Али Ахмедовқа түсуі әріптестіктің басында-ақ анық етін – оның спортқа деген кәсіби көзқарасы, көшбасшылық қасиеттері мен таңғаларлық харизмасы миллиондаған спортшыға үлгі болуға мүмкіндік береді. Алимен әріптестік PIN-UP.KZ-ке өз аудиториясын кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар сенімді әрі жауапкершілігі мол серіктестік ретінде өз беделін нығайтуға ықпалын тигізеді. Алидің біздің амбассадорымыз болуға шешім қабылдағанына өте қуаныштымыз. Оның дарыны, жетістіктері мен спортқа берілгендігі біздің құндылықтарымыз бен қағидаттарымызды бейнелейді" ,- дейді PIN-UP.KZ баспасөз қызметі.

PIN-UP.KZ БК — клиенттерге әртүрлі бірегей бонустарды, арнайы ұсыныстар мен ниеттестік бағдарламаларын ұсынатын, сондай-ақ еліміздегі спорт индустриясын белсенді қолдайтын және дамытып жүрген қазақстандық лицензияланған букмекерлік кеңсесі.

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ 08.11.2021 ж. берген лицензия №21031283.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019022-ali-axmedov-pin-upkz-tyn-zana-ambassadory-boldy/

pixel