Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Фото орналастырғаны үшін ақы алынған": мектеп асханасында кәсіпкерлерден заңсыз ақша жиналған

Опубликовано:

Мектеп партасының үстіндегі ас
Мектеп партасының үстіндегі ас. Көрнекі сурет: pexels.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Оқу-ағарту министрлігіне оқушылардың тамақтану мәселесіне назар аудару керек екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Antikor Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Оқу-ағарту министрлігіне азық-түлік жеткізушілеріне MektepMenu-ға қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша негізсіз шарттар жасасу тәжірибесін жоюды ұсынды.

"Жеткізушілер Бөлшек сауда және тамақтану қауымдастығымен бірге аталған мәселені көтерді. Өтініштің мәні Kundelik ақпараттық жүйесімен біріктірілген MektepMenu порталында "мәзір мен тағамдар" фотосуреттерін орналастыру үшін негізсіз ақы алу болды.

Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы бұйрығына сәйкес мектептер тамақтану мәзірін сайтқа жариялау керек. Оқу-ағарту министрлігінің түсіндірмесіне сәйкес осы ақпараттарды интернет-ресурстарында тегін негізде орналастыруға болады", - делінген хабарламада.

Ведомствоның дерегінше, 2022 жылдың қараша айынан бастап Білім басқармасының ұсынысы бойынша азық-түлік жеткізушілері NetInfoDistribution компаниясымен шарт жасасып, мәзірді MektepMenu порталында ақылы негізде жариялай бастаған.

Жеткізушілер мұндай қызметтерге ақы төлеу қосымша шығын екенін және ата-аналарға ауыртпашылық түсетінін мәлімдеген.

"Астаналық Антикор департаменті елордалық 94 мектепті тамақпен қамтамасыз ететін 12 жеткізушіні анықтады. MektepMenu-ға қол жеткізу үшін оларға 2,5 млн теңгеден астам қаражат төленген. 7 өңірде осыған ұқсас фактілер 405 мектеппен жұмыс істейтін 117 жеткізуші анықталды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Оқу-ағарту министрлігінің, Білім басқармасының, Kundelik ЖШС және NetInfoDistribution өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша ақпараттық жүйелерде тамақтану мәзірін тегін орналастыруды қайта бастау туралы шешім қабылданды. NetInfoDistribution ЖШС-мен жеткізушілердің шарттары бұзылды", - делінген хабарламада.

Алайда мемлекеттік сатып алу порталының кейінгі мониторингі мектеп мекемелерінің MektepMenu порталына қол жеткізуде қызметтер көрсету бойынша конкурс өткізе бастағанын және NetInfoDistribution-мен шарттар жасаса бастағанын көрсеткен.

"Мәселен, елордалық Антикор Білім басқармасымен қайта кездесу өткізіп, үшінші тұлғаларды тартпай тегін негізде тамақтану туралы ақпаратты орналастыруды ұсынды.

Нәтижесінде конкурстар жойылып, шарттар бұзылды. 5,5 млн теңгені тиімсіз пайдалануға жол берілмеді. Осындай фактілер 13 млн теңгеден астам сомаға еліміздің 169 мектебінде анықталды", - дейді ведомстводан.

Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Оқу-ағарту министрлігіне Kundelik порталында оқушылардың тамақтану мәзірін делдал компанияларсыз тегін орналастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету жөнінде хат жолдады.

Сонымен қатар, Антикор аумақтық департаменттеріне MektepMenu қызметтеріне мемлекеттік сатып алулардың күшін жоюды бақылау тапсырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019029-foto-ornalastyrgany-usin-aqy-alyngan-mektep-asxanasynda-kasipkerlerden-zansyz-aqsa-zinalgan/

pixel