Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр автонесие бойынша бастапқы жарнаның енгізілуіне қатысты сынға жауап берді

Опубликовано:

Автосалон
Автосалон. Көрнекі фото: Рexels.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәжіліс кулуарларында қазақстандықтардың жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны қайтару жоспары туралы сынына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері "Адамдарды електен өткізу үшін бастапқы жарна нормасы енгізілді?" ме деп сұрады.

Марат Қарабаев бірінші кезекте мұндай ұсыныс бағдарламаны одан әрі жетілдірумен байланысты екенін айтты.

"Қазір бізде Ұлттық Банктің базалық ставкасы 16 пайыз, бұл ретте автонесиелеудің 4 пайызы жақсы пайыздық мөлшерлеме болып табылады. Сондықтан бұл бағдарлама өте сәтті және біз бағдарламаны жетілдіруге бет бұрдық. Талаптардың бірі – алғашқы жарна болатын", – деп қосты ол.

Бұл норма бағдарламаға қатысуға ниет білдірген адамдардың санын жасанды түрде азайтуға бағытталмаған деп сендірді ол.

"Олай емес. Барлығы қатысуға құқылы және бұл бағдарлама одан әрі жетілдіруді қажет етеді. Белгілі бір мөлшерден жоғары жалақы алатындар бағдарламаға қатыспауы үшін жалақы бойынша ең жоғары шекті белгілейміз. Біз қазір қарап, зерттеп жатырмыз, 15 мамырға дейін хабарлаймыз", – деп түйіндеді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасына өзгерістер енгізу жоспарланып отырғанын жазған едік.

Атап айтқанда:

  • бастапқы жарна. Бұл ретте автокөлік құнының 15 пайызын төлеу;
  • автокөлікті алғандардың аты-жөні жариялау;
  • бағдарламаға қатысуға рұқсат етілген автокөліктер бөлігіне де өзгерістер енгізу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019139-ministr-avtonesie-boiynsa-bastapqy-zarnanyn-engiziluine-qatysty-synga-zauap-berdi/

pixel