Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар тағы бір мемлекеттік қызметті онлайн режимде ала алады

Опубликовано:

Планшет қарап отырған қыз
Планшет қарап отырған қыз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандықтар енді әлеуметтік төлемдер туралы анықтаманы онлайн алу мүмкіндігіне ие болды. Қажетті анықтаманы қалай алуға болатыны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ ресми сайтында жариялады.

Ведомство мәліметінше, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" екінші деңгейлі банктермен бірлесіп Kaspi және Halyk Homebank мобильдік қосымшалары арқылы әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін жобаны жузеге асырды.

Kaspi мобильді қосымшасында қажетті анықтаманы алу үшін "мемлекеттік қызметтер" бөліміне кіріп, "цифрлық құжаттар" батырмасын басып, "анықтамалар" бөлімін таңдау қажет. Halyk Homebank қосымшасында "мемлекеттік қызметтер" - "анықтамалар" бөліміне кіру арқылы қажетті ақпаратты білуге болады.

Сонымен қатар анықтаманың цифрлық нұсқасында алынған және белсенді төлемдердің мөлшері туралы ақпарат алуға болады. Қызмет алушы анықтаманы көру барысында 2016 жылдан бастап кез келген кезеңді таңдай алады, але ең жоғары кезең 3 жылды қамтуы керек.

"Банктердің мобильді қосымшалары арқылы қызмет алушылар жәрдемақы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат ала алады. Сондай-ақ, бұл жүйенің енгізілуі Мемлекеттік корпорация бөлімдерінің қызметкерлеріне жүктемені азайтып, азаматтарға уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019165-qazaqstandyqtar-tagy-bir-memlekettik-qyzmetti-onlain-rezimde-ala-alady/

pixel