Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат төрт балалы аналардың зейнетке шығу жасын 53 жасқа төмендетуді ұсынды

Опубликовано:

Бала жетектеген ана
Бала жетектеген ана. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгінгі мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Халық партиясы фракциясының мүшесі Гауһар Танашева премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке депутаттық сауал жолдап, төрт немесе одан да көп баласы бар аналардың мәселесін көтерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Депутат Гауһар Танашеваның айтуынша, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны кіші бала кәмелет жасына толғанға дейін беруді қарастыру керек.

"Қазіргі таңда көпбалалы отбасының төрт баланың ішіндегі үлкен баласы 18 жасқа толған кезде, ол отбасы көпбалалы деген мәртебесінен айырылады", - дейді депутат.

Сонымен қатар ол төрт баласы бар аналардың да 53 жастан зейнетке шығуын қарастыруды ұсынды.

"Қазіргі кезде бес және одан да көп бала туған немесе асырап алған, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген көпбалалы аналар ғана 53 жасында зейнетке шығады. Сондай-ақ баланы сегіз жасқа дейін тәрбиелеу міндеттемесін алып тастау мәселесін қарастыруды сұраймыз" , - дейді Гауһар Танашева.

Бұдан бөлек, депутат төрт және одан да көп баланы дүниеге әкелген немесе асырап алған көпбалалы ананың өмір бойғы мәртебесін бекітуді ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019174-deputat-tort-balaly-analardyn-zeinetke-sygu-zasyn-53-zasqa-tomendetudi-usyndy/

pixel