Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кел, балалар, оқылық": қазақстандық балалардың дамуына жол ашқан жоба

Опубликовано:

Дети из Павлодара сняли клип на новую песню Алдияра и Hey Monro
Фото: Jusan Bank

Павлодарлық балалар Алдияр мен Hey Monro-ның жаңа әніне клип түсірді. Jusan-ның қолдауымен режиссер Қуаныш Бейсектің жүзеге асырып отырған «Кел, балалар, оқылық» жобасы балаларға жаңа кәсіби машықтарға ие болып, шығармашылығын шыңдай түсуге мүмкіндік беріп отыр.

«Кел, балалар, оқылық» жобасында балалар кезекті музыкалық клип түсірді. Бұл жолы жобаның үшінші маусымы Павлодарда өтті. Еске салсақ, аталған жоба еліміздің әр өңіріндегі балаларға кинематография саласын тегін меңгеруге мүмкіндік береді. Жоба режиссер Қуаныш Бейсектің бастамасымен және Jusan-ның қолдауының арқасында іске асырылуда.

Дети из Павлодара сняли клип на новую песню Алдияра и Hey Monro
Фото: Jusan Bank

Жоба кезінде балалар видеоклиптер, спектакльдер, қазақстандық музыка жұлдыздарына арналған анимация сынды өз өнімін жасап шығарады. Үшінші шығарылымда қатысушылар «Ирина Кайратовна» тобындағы Алдияр мен әнші Hey Monro-ның орындауындағы «Көңіл» әніне мультипликациялық клипті жасап шықты.

Қуаныш Бейсектің сөзінше, үшінші маусымға қатысу үшін 70 оқушы үміткер болып, олардың 20-сы іріктеліп алынған.

«Қазақстанның шалғай ауылдарынан келген дарынды балалар шығармашылық мамандықтармен танысып, өздерінің күшін сынай алғанын қалаймыз. Жобамызда оқушылар кадрлап анимациялау негіздерімен ғана емес, сюжеттік желі, сценарий қалай жасалатынын және режиссураның қыр-сырымен де танысты. Екі аптаның қорытындысы бойынша балалар Hey Monro мен Алдиярдың «Көңіл» әніне суретпен салынған клип жасап шығарды. Бұл видеоклипті олар 1 мамыр күні тойланатын Қазақстан халықтары бірлігі күніне арнады», - дейді Қуаныш Бейсек.

Қатысушылардың есінде жағымды сәттер қалуы үшін жобада сабақтан бөлек, ойын-сауық шаралары да ұйымдастырылған.

«Екі апта ішінде түсірілім тобы қатысушыларға көмектесті. Біз оларды боулингке, киноға, сырғанаққа апардық, түрлі ойындар ойнадық. Бұл бой сергітіп, демалуға мүмкіндік берді. Мұндай демалыстың бір жақсы жағы – балалар шығармашылық топпен етене араласып, сұрақтарына жауап ала алды», - дейді режиссер.

дети на съемках клипа
Фото: Jusan Bank

Куаныш Бейсек жобаның әр маусымы «Кел, балалар, оқылық» жобасы арнайы баратын өңір балаларына ғана емес, барша қазақстандық баланы шығармашылық ізденіске, өзін өзі дамытуға ынталандырады деп санайды. Үшінші маусымның да пайдасы мол болды. Режиссердің сөзінше, әр маусымнан соң олар Қазақстанның әр түкпіріндегі жастардан бума-бума хат алады.

«Жобаның әрбір маусымына қатысқан баланы құнарлы жерге егілген дәнмен теңесек болады. Ол дән болашақта Қазақстанның режиссура саласына үлесін тигізер жемісі бар терекке айналады. Мұндай балалар өз кезегінде, тек өңір үшін емес, бүкіл қазақ халқының мәдениетінің дамуына ықпал етеді», — дейді Қуаныш Бейсек.

ребенок перед ноутбуком
Фото: Jusan Bank

Режиссер білім беру бойынша өз жобасын жүзеге асырғысы келетіндерге бір құндылық аясында топтасқан команда мен серіктестерді жинап алуға кеңес береді.

«Jusan «Кел, балалар, оқылық» жобасын жүзеге асыруда бізді өте жақсы қолдады. Олар бұл бастама туралы естіген бойда оны іске асыруға қуана-қуана келісті. Себебі оның әлеуеті зор екенін көрді. Мәселен, бұл жобаға күш қосып, көмек көрсеткісі келетін жандар әр қала немесе ауылдан табылып жатады. Бұл ретте оқушылары біздің жобаға қатысқан Павлодардағы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатқа алғысым зор», - деді режиссер.

дети
Фото: Jusan Bank

Jusan-ның қолдауымен «Кел, балалар, оқылық білім беру жобасы алғаш рет Алматы облысы Жалаңаш ауылында жүзеге асырылды. Жоба соңында ауыл балалары танымал әнші Yenlik-ке видеоклип түсірді.

Жобаның Таразда өткен екінші маусымы балалар қойған спектакльдің премьерасымен және белгілі орындаушы Zheka FatBelly-ға клип түсірумен аяқталды. Сондай-ақ әр маусымда жүзеге асырылған жоба туралы, бойындағы қорқынышы мен сенімсіздігін жеңе білген балалардың басынан кешкен оқиғалары негізінде түсірілген деректі фильм түсіріледі.

Мұндай деректі фильмдерде жоба қатысушыларының шығармашылық жетістіктері, дамуы айқын көрініп, әлеуеті жетіле түседі. «Кел, балалар, оқылық» – қазақстандық балалар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын жоба.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019208-kel-balalar-oqylyq-qazaqstandyq-balalardyn-damuyna-zol-asqan-zoba/

pixel