Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Astana LRT ісі: Сұлтанбеков пен Арданға қатысты сот үкімі шықты

Опубликовано:

LRT тіреуіштері
Астана LRT. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елордада Astana LRT құрылысына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Бас бостандығынан айырылғандар арасында Қанат Сұлтанбеков пен Талғат Ардан да бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін елорда сотында Astana LRT ісі бойынша жеті сотталушыға қатысты жаңа үкім шықты.

Жаңа үкімге сәйкес, сотталушылар қатарына Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ардан да қосылды.

Сот үкімімен Қанат Сұлтанбеков пен Талғат Ардан 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оларға мемлекеттік қызметте, сотта, ұлттық компанияларда, Ұлттық банкте және тағы басқа мекемелерде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Сот Қанат Сұлтанбековті Қылмыстық Кодекстің 235-бабы 3-бөлігі бойынша кінәсіз деп, Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп таныды.

Ол жазасын қауіпсіздік деңгейі орташа Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Сондай-ақ сот Талғат Арданды Қылмыстық кодекстің 262-бабы 3-бөлігі бойынша ақтап, Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп таныды.

Ол да жазасын қауіпсіздік деңгейі орташа Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

"Ардан мен Сұлтанбековке сырттай үкім шығарылды. Себебі олар Қазақстаннан тыс жерде және сотқа келуден жалтарып жүр", - деді судья Виктория Семёнова.

Сонымен қатар сот үкімі бойынша Ұлықбек Ачилов 7 жылға сотталды. Ол Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі және 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.

Дәурен Әбдіхамитов та Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі және 189 бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оның қылмыстық жолмен тапқан мүлкі, атап айтқанда: Mercedes автокөлігі тәркіленеді. Сонымен қатар одан Toyota Land Cruiser маркалы автокөліктің құнына тең қаржы яғни, 15,8 миллион теңге өндіріп алынған.

Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рашид Аманжолов мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан 5 жылға, бас бостандығынан 7 жылға айырылды. Ол Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі және 176-бабы 4-бөлігінің "б" тармағы бойынша кінәлі деп танылды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бұрынғы басшысы Жанат Нұрпейісов те Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі және 176-бабы 4-бөлігінің "б" тармағы бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан 5 жылға, бас бостандығынан 7 жылға айырылды. Сондай-ақ ол "Құрмет", "Парасат" ордендерінен де айырылды.

Талғат Әшім, Тимур Қасабаев, Дулат Мүсенов - әрқайсысы Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі және 176-бабы 4-бөлігінің "б" тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды және жазасын шартты түрде өтейтін болады.

Astana LRT ісі

Astana LRT ісі бойынша тергеу 2020 жылы аяқталып, содан кейін сот процесі басталды.

2021 жылы айыпталушыларға қатысты үкім жарияланып, жеті адам 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталғандар мен қылмыстық жауапкершіліктен босатылған тағы бірнеше тұлға 5,8 миллиард теңге шығынды өтеуге міндеттелді.

2021 жылдың күзінде сот үкімнің күшін жойып, заң бұзушылықтарды жою үшін істі прокуратураға қайтарды. 2022 жылы елордада бұл іс бойынша жаңа сот процесі басталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019225-astana-lrt-isi-sultanbekov-pen-ardanga-qatysty-sot-ukimi-syqty/

pixel