Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері Алматыда күн суытып, үсік жүруі мүмкін

Опубликовано:

гүл
Көрнекі фото: pixabay.com

Алдағы күндері Алматыда түнгі уақытта үсік жүреді. Ауа температурасы -1...-3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Синоптиктердің болжамынша, 4 мамыр түнде Алматыда үсік жүріп, сынап бағанасы -1...-3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Дегенмен, жауын-шашын күтілмейді.

Ал күндіз ауа температурасы +10...+12 градусқа дейін жылынады деп болжануда. Сондай-ақ күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз.

Мамандардың мәліметінше, 5 мамыр күні түнде оңтүстік астанада үсік жүріп, ауа температурасы -1...-3 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі. Күндіз күн ала бұлтты, десе де, жауын-шашын жаумайды. Сонымен қатар +12...+14 градус жылы болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019258-aldagy-kunderi-almatyda-kun-suytyp-usik-zurui-mumkin/

pixel