Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалай көтерілгені белгісіз": Астанада төрт жасөспірім океанариум мұнарасының төбесіне шығып алған (видео)

Опубликовано:

Мұнараның төбесінде жүрген жасөспірімдер
Мұнараның төбесінде жүрген жасөспірімдер. Видеодар кадр: instagram.com/astanovka98

Астанадағы Ailand ойын-сауық орталығының маңындағы мұнараның төбесіне бірнеше адам көтерілген. Кейін желіде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды. Елорданың полиция департаменті зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеді.

Астанадағы океанариум жанындағы мұнараға мінген адамдардың видеосы Instagram желісіндегі astanovka98 парақшасында жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, мұнараға бірнеше қыз көтерілген.

"Олардың қалай көтерілгені (мұнараға ред ескертпе.) белгісіз. Оқырмандарымыздың айтуынша, олар сол жерде ойнап жүрген қыздар", - делінген видео сипаттамасындағы жазбада.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, елордалық полицейлер тексеру жүргізіп, мұнара төбесіне төрт жасөспірімнің шықанын анықтаған. Алайда полицейлер бұл жағдай бойынша құқық қорғау органдарына ешкім жүгінбегенін атап өткен.

"Бейнебақылау камераларын қарау барысында төрт жасөспірімнің Ailand мұнарасына көтеріліп, 15 минуттан кейін төмен түсіп кеткені анықталды. Зардап шеккендер жоқ. Астана қалалық полиция департаменті ата-аналарға кәмелет жасына толмаған балалардың үйден тыс қай жерде жүргенін және тәртібін бақылау керектігін ескертеді", - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019287-astanada-okeanarium-munarasynyn-tobesine-sygyp-algan-zasospirimder-zeli-qoldanusylaryn-tanyrqatty-video/

pixel