Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда әскери-патриоттық клубтардың саптық слеті өтті

Опубликовано:

Атырауда әскери-патриоттық клубтардың саптық көрінісі өтті
Фото: Атырау облысының әкімдігі

3 мамырда Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс алаңында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының саптық слеті өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ұлы Жеңістің 78 және Қазақстан Қарулы Күштеріне 31 жылдығына арналған шараға 400 оқушы, облыстық және қалалық білім беру басқармасы мен қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері қатысты.

Атырауда әскери-патриоттық клубтардың саптық көрінісі өтті
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Жас патриоттар слетіне келген конақтар әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілерінің дайындаған саптық көрінісін және әскери балдық биін тамашалады.

«Бүгін өңірімізде маңызды іс-шара ұйымдастырылып отыр. Біз мектеп жасынан бастап жастарды Отанды қорғауға үйретуіміз қажет. Әр адам өз жерін қорғау керек. Іс-шараның негізгі мақсаты - жастарды қарулы күштерге және Отан сүйгіштікке тәрбиелеу», - деді Ауған соғысының ардагері Мұханбетжан Тоқмамбетов.

Атырауда әскери-патриоттық клубтардың саптық көрінісі өтті
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Қазіргі таңда Атырауда 203-ге жуық жас патриоттар клубы жұмыс істейді. Оның ішінде 15 «Жас сарбаз» клубы бар. Аталған клубта 7250 оқушы бар.

Айта кетейік, өңірде алғашқы әскери патриоттық клуб 1998 жылы ашылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019318-atyrauda-askeri-patriottyq-klubtardyn-saptyq-sleti-otti/