Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлмира Сатыбалды Алагөзовке 6,5 млрд теңгеден астам соманы төлеуге міндеттелді

Опубликовано:

Судья үкім оқып тұр
Судья. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі оқылды. Сот 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен қатар, сотталушыдан кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтың пайдасына 6,5 миллиард теңгеден астам соманы өндіру туралы да шешім шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жәбірленуші Алагөзовтың азаматтық талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Оның пайдасына қарапайым акциялардың 43,25 пайызын қайтару арқылы 6,5 миллиард теңгеден астам залал сомасын, сондай-ақ 1 млн теңге көлемінде моральдық залал өндірілсін.

Жәбірленуші А.Мекешованың азаматтық талап арызы бойынша іс жүргізу медиативтік келісім жасасуға және талап қоюдан бас тартуға байланысты тоқтатылды", – деді судья Кемеңгер Имашев.

Сот Сатыбалдының 2020 жылы жәбірленуші Алагөзовке моральдық-психологиялық қысым көрсетіп, оның Galanz Bottlers АҚ-дағы 43,25 пайыздық үлесін сенімді адамдар арқылы өзінің сенімді өкілі Жүсіповке қайта жазуға мәжбүрлегенін, соның салдарынан оған 6,5 млрд теңгеден астам сомаға материалдық залал келтіргенін хабарлады.

Айта кетейік, сот Гүлмира Сатыбалдыны 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ал оның қарамағындағылар Батыршаев 7 жылға, ал Өтебеков 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019363-gulmira-satybaldy-alagozovke-65-mlrd-tengeden-astam-somany-toleuge-mindetteldi/

pixel