Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ораза айында жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдер қандай

Опубликовано:

нәресте
Нәресте. Көрнекі фото: pexels.com

Елімізде қасиетті Рамазан айында жаңа туған нәрестелерге ең жиі қойылған есім анықтарлы. Тек "Рамазан" есімінің өзін 1100 отбасы ұлына таңдаған, ал қыздарға ең жиі қойылған есім - Медина, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Арна мәліметінше, қасиетті айда сәби сүйгендердің көбі бөбегіне есімді Оразамен байланыстырып таңдаған.

Жаңа туған 1100-ге жуық ұлға ата-анасы Рамазан есімін таңдады. Ал қыздар арасында жиі қойылған есімдер тізімінде "Медина" көш бастап тұр. Сәуір айында 430 отбасы қызына осы есімді қойған.

Арна мәліметінше, Рамазаннан кейін ұлдарға ең жиі қойылатын есім – Айсұлтан. Бір айда 250-ге жуық балаға осы есім берілген.

Сонымен қатар үштікке 170-тен аса жанұяның таңдауымен Әлихан есімі еніп тұр. Сондай-ақ сәуірде 141 сәби Нұрислам есімін иемденген. Ал қыздарға Мединадан кейін – Раяна және Айша есімдері жиі беріледі.

Осылайша өткен айдағы статистика нәрестелерге Әли, Ислам, Мұхаммед, Муслим, Дінмұхаммед, Әмина, Ясина, Фатима сияқты мұсылман есімдерінің жиі қойылғанын көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019451-oraza-aiynda-zana-tugan-narestelerge-en-kop-qoiylgan-esimder-qandai/

pixel