Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 18 жастағы жүкті әйеліне қол көтеріп, көшеде қалдырып кеткен ер адамға сот шешімі шықты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: polisia.kz

Осыдан біраз уақыт бұрын Шымкентте ер адам жүкті әйеліне қол көтеріп, көшеде қалдырып кеткені жайлы ақпарат тараған болатын. 18 жастағы келіншектің полицияға түсірген арызынан соң ер адамға сот шешімі шықты, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Арна мәліметінше, сот 25 жастағы ер адамға ескерту берумен шектелді. Сот-медициналық сараптама бойынша келіншектің аяқ-қолында жарақат бары анықталған.

Арна айтуынша, ер адам азаматтық некедегі әйелін әдейі ұрмағанын, бәрі абайсызда болғанын айтқан. Бұл іс денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бабы бойынша тіркелген.

"Жанжал кезінде жәбірленушіге құқық бұзушы сол жақ иығынан дене жарақатын абайсызда салғаны анықталды. Іс бойынша өзге дерек болмағандықтан, бір жыл ішінде мұндай жауапкершілікке тартылмағанын негізге ала отырып, оған ескерту түрінде жаза тағайындалды", – деді мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абдуғаппар Бекназаров.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Шымкентте ер адам жүкті әйеліне қол көтеріп, көшеде қалдырып кеткені айтылды. 18 жастағы келіншек осыдан кейін полицияға арыз түсірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019452-symkentte-18-zastagy-zukti-aieline-qol-koterip-kosede-qaldyryp-ketken-er-adamga-sot-sesimi-syqty/

pixel