Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан-Қытай шекарасында автомобиль өткізу пункттері 7 және 9 мамырда жұмыс істемейді

Опубликовано:

Қалжат Алтынкөл өткізу кеден бекеті
Қалжат Алтынкөл өткізу кеден бекеті. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мереке күндеріне байланысты 2023 жылдың 7 және 9 мамырында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сонымен қатар мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыратынын мәлім етті.

Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушылар мен шекараны кесіп өтуге барлық ниет білдіруші тұлғалардан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.

"Мереке күндеріне байланысты 2023 жылдың 7 және 9 мамырында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады", - деп мәлімдеді мемлекеттік кірістер комитеті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019457-qazaqstan-qytai-sekarasynda-avtomobil-otkizu-punktteri-7-zane-9-mamyrda-zumys-zasamaidy/

pixel