Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат Жетісу облысынан табылды

Опубликовано:

күдікті
Күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жетісулық полицейлер 15 жыл бойы іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді. Қазақстан азаматы 2008 жылдан бері Ресейде есірткі қылмысын жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, Жетісу облысы полиция департаментінің жедел уәкілдері Көксу ауданында 51 жастағы ер адамды ұстады.

Полиция мәліметінше, Қазақстан азаматы 2008 жылдан бері Ресейде есірткі қылмысын жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген.

"Жетісу полицейлері Ресей Федерациясының Красноярск өлкесі құқық қорғау органдарының іздестіру өтінішін орындап, оларға күдіктінің орналасқан жері туралы ақпаратты жіберді.

Ер адамға қатысты істің барлық мән-жайлары анықталғанға дейін "келу туралы" міндеттеме бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп мәлімдеді полиция.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019466-15-zyldan-beri-memleketaralyq-izdeude-zurgen-azamat-zetisu-oblysynan-tabyldy/