Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында үш оқушы қыз жүкті болып қалған

Опубликовано:

Басын бұғып отырған қыз
Жалғыз отырған қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Жетісу облысындағы Текелі, Сарқан және Үшарал елдімекендерінде тұратын үш мектеп оқушысының аяғы ауыр болып қалған, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, текелілік бойжеткен түсік тастаған. Бойжеткен оқитын мектеп басшылығының білім бөлімі тексеріс жүргізіп жатқанын, ал полиция іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Ал қалған екі оқушы қыздың жүктілік мерзімі үш айдан асқан. Олардың ата-анасы қазір жасөспірімдердің босануына қатысты шешімді өздері шығарады.

Жетісу облысының білім басқармасында атап өткендей, бойжеткендерге түсік жасатуды талап ете алмайды. Қазіргі уақытта қыздар сабаққа баруды жалғастыруда.

"Біз олардың ата-анасына әсер ете алмаймыз. "Ауруханаға апарыңыз немесе түсік жасатыңыз" деп бұйыруға құқымыз жоқ. Дегенмен ата-ана жауапкершілігі туралы заң бар, осы заң бойынша олар тиісті жазасын алады", - деді Жетісу облыстық білім басқармасының бас маманы Руслан Арсланов.

Облыстық полиция департаментінің өкілдері зорлау фактілері болмағанын атап өтті. Полицейлердің айтуынша, ұш қыз да кәмелеттік жасқа толған жігіттермен кездескен. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019516-zetisu-oblysynda-us-oqusy-qyz-zukti-bolyp-qalgan/

pixel