Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын айтып, тұрғындарды аса сақ болуға шақырды

Опубликовано:

Телефон ұстап тұрған ер адам
Телефон ұстап тұрған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстан Ұлттық банкі өзін инвестициялық қызметпен айналысатын компания ретінде таныстыратын алаяқ топтардың көбейгенін ескертті. Алаяқтарды қалай тануға болатыны туралы толығырақ Ұлттық банк ресми сайтында хабарлады.

Ұлттық банктің мәліметінше, өзін инвестициялық қызметпен айналысатын компания ретінде таныстыратын алаяқ топтар негізінен биржа саудасында тез ақша табудың қарапайым тәсілдерін баяндайтын жарнамалық роликтерге толы сайттар мен мобильді қосымшаларды жасайды.

"Алайда олар сипаттайтын қаржылық дамуға қатысты бағдарлама шын мәнінде жоқ. Мұндай ресурстар әлеуметтік желілерде, соның ішінде YouTube видеохостингінде жарнама арқылы белсенді түрде насихатталып жүр", - дейді Ұлттық банк өкілдері.

Ұлттық банктің хабарлауынша, фишинг сайттарда алаяқтар танымал тұлғалардың атынан да жалған ақпарат таратып жатады. Ондай сайттарда қолдан жасалған лицензиялар мен өзге де құқық белгілеуші құжаттар болады. Сондай-ақ алаяқтар адамның сеніміне кіру мақсатында жалған ресурстарында инвестициядан түсетін болжамды пайданың калькуляторын да орналастырып қояды.

"Мысалы, кейбір анықталған алаяқтық схемаларда биржалық саудада ақша табу үшін сайтта тіркелу кезінде ақшалай салымды талап етеді. Кейін алаяқтар желі пайдаланушысына сауда шоты ашылғаны туралы Ұлттық банктің атынан сертификат жібереді. Ол сертификатта Ұлттық банктің логотипі, жалған қолы мен мөрдің суреті және банктің жалған қызметкерлері туралы ақпарат жазылады", - дейді Ұлттық банк өкілдері.

Бұл ретте, Ұлттық банк мұндай ресурстардың алаяқтық әрекетін төмендегі белгілерден байқауға болатынын атап өтті.

  • фишинг сайттарда қысқа уақыт ішінде қомақты табыс мөлшерін уәде ететін жалған ақпарат қамтылады, бірақ байланыс деректері көрсетілмейді;
  • алаяқтар бейресми нөмірлерден белсенді түрде қоңырау шалып, жалған құқық белгілейтін құжаттарды ұсынады.

Осы орайда Ұлттық банк жеке тұлғалардың шоты бойынша қызмет көрсетпейтінін, ақшалай есеп айырысу мен мәмілелер жүргізбейтінін, мемлекеттік қорлардан табыс табу үшін қандай да бір платформаларды әзірлеуге қатыспайтынын еске салды.

Сонымен қатар Ұлттық банк активтерді инвестициялық басқаруға лицензиясы бар ұйымдардың тізбесі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында жарияланғанын да айта кетті.

"Егер сіз немесе таныстарыңыз алаяқтардың құрбаны болса, алаяқтық фактісіне қатысты іс жүргізу үшін құқық қорғау органдарына тиісті арызбен жүгіне аласыз. Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Ұлттық банктің байланыс орталығына хабарласуға болады", - дейді Ұлттық банк өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019558-ulttyq-bank-alayaqtyqtyn-zana-turi-paida-bolganyn-aityp-turgyndardy-asa-saq-boluga-saqyrdy/

pixel