Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мопед жүргізушісі жолаушылар автобусына оқ атқан (видео)

Опубликовано:

Мопед
Мопед. Көрнекі фото: Pexels.com

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Алматыда мопед жүргізушісінің жолаушылар автобусына пневматикалық тапаншадан оқ атқаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа қатысты қалалық полиция пікір білдірді, деп жазады KAZ NUR.KZ.

Алматыда болған оқиғаның видеосы Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында жарияланды. Кадрдан есігінің терезесі сынған автобусты көруге болады.

"Видео авторының айтуынша, мотоциклші қоғамдық көлік жүргізушісіне: "Сен мені кесіп өттің" деп айғайлап, жолаушылары бар №219 автобусқа қарай оқ атқан", – делінген хабарламада.

Қалалық полиция оқиғаға қатысты NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді.

"Бұл оқиға бүгін, 5 мамырда сағат 10:00 шамасында Алматының Түрксіб ауданында болған. Жолдағы жанжал кезінде мопед жүргізушісі пневматикалық тапаншадан автобустың әйнегіне оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Мопед жүргізушісінің кім екені анықталды. Оны ұстау шаралары жүргізілуде", – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінен.

Сондай-ақ құзырлы орган бұл жайт бойынша Түрксіб ауданының полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019613-almatyda-moped-zurgizusisi-zolausylar-avtobusyna-oq-atty-video/

pixel