jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

"Қызылорда-Жезқазған" күре жолының жайы қандай?

күре жол
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда мен Жезқазған арасындағы ескі тас жолдың стандартқа сай болуы көп жылдан бері қоғам тарапынан жиі талқыланған болатын. Ал бүгінде республикалық маңызы бар "Қызылорда-Жезқазған" тас жолының 12-216 шақырым арасында қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысында жергілікті маңызы бар 3418,5 шақырым жол бар. Оның ішінде, республикалық маңызы бар жол 1014,5 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда құрылысы қарқынды жүріп жатқан "Қызылорда-Жезқазған" тас жолы 204 шақырым. Аталған күре жол 2025 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

күре жол
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

"Бүгінгі таңда аймақ басшысының тікелей қолдауымен қайта жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Алдағы уақытта бұл республикалық маңызы бар жол өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосады", - дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Жәнібек Сыздықов.

"ҚазАвтожол" АҚ ҰҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Ерсайын Мұзаффардың айтуынша, қазіргі таңда күре жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

күре жол
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

"Қайта жөндеу жұмыстарын жергілікті "Қыран" ЖШС атқарып жатыр. Тас жолдың 140 шақырымына жөндеу жұмыстары іске асырылуда. Сондай-ақ, су скважиндері, айналмалы жол жұмыстары да жүргізілді. Құрылыс заттарының барлығы Жаңақорған ауданынан тасымалданады", - дейді Ерсайын Мұзаффар.

Айта кетейік, күре жолдың бойынан асфальт зауыты салынуда.

"Қызылорда-Жезқазған" күре жолының жайы қандай?

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.