Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жарықсыз қалған тұрғын үй саны 3 мыңнан асты

Опубликовано:

Генератор
Генератор. Көрнекі фото: Pexels.com

Түркістан облысында дүлей дауыл әлі де басылмай тұр. Қатты соққан желден жарықсыз қалған тұрғын үй саны 3 мыңнан асты, деп хабарлайды Almaty телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, Бәйдібек пен Сауран ауданына жарық әлі берілмеген. Дегенмен желілерді жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Өңірдің 8 ауданы мен 3 қаласында ауа-райы тұрақсыз. Бірнеше көшенің бойында ағаштар құлап, автокөліктерді басып қалған.

Жылдамдығы секундына 23-25 метрге дейін жеткен шаңды дауыл ғимараттардың шатырын ұшырып, көпқабатты үйлердегі тақтайшаны жұлып түсірген.

Табиғаттың тосын мінезінен Кентау қаласындағы барлық мектепте сабақ қашықтан оқуға көшіріліп, балабақшалар жұмысын уақытша тоқтатқан. Базарлар мен сауда орталықтарының және халық көп шоғырланатын нысандар жұмысына шектеу қойылған.

Облыс аумағындағы аудан, қалалардың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмысқа кіріскен. Аймақта шығын көлемі есептелуде. Синоптиктер мұндай ауа райы ертеңге дейін сақталуы мүмкін деп болжаған. Сол себепті, тұрғындарға алыс жолға шықпауды сұрайды.

"Түркістан, Кентау қаласында және Бәйдібек, Созақ, Түлкібас ауданында 9 ғимараттың шатыры зақымдалып, жартылай және толық бұзылып, нәтижесінде 2725 текше метр шатыр бүлінген.

Түркістан облыстық ТЖД базасында жедел-штаб құрылып, барлық облыс аумағында орналасқан су айдындары мен гидро-техникалық құрылыстарға тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырлды", – дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019636-turkistan-oblysynda-zaryqsyz-qalgan-turgyn-ui-sany-3-mynnan-asty/

pixel