Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда сауда үйінің маңында пышақпен жүрген ер адам ұсталды

Опубликовано:

Павлодарда ер адам көшеде пышақпен жүрген
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Павлодарда полиция қызметкерлері сауда үйінің жанында пышақпен жүрген ер адамды ұстады. Бұл туралы Polisia.kz Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 6 мамырда қала полициясына Академик Сатпаев көшесіндегі сауда үйдің жанында ер адам пышақпен жүр деген хабарлама келіп түсті.

Аталған факті Павлодар қаласының Солтүстік полиция басқармасында тіркелді.

"Дереу түрде көрсетілген мекенжайға автопатрульдер мен тергеу-жедел тобы жіберілді. 39 жастағы ер адам ұсталып, жеке басы анықталды. Қолындағы ас үй пышағы тәркіленді", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері ер адамды медициналық куәландыру жасау үшін денсаулық сақтау органдарына жеткізген. Нәтижесінде, ер адамның мас күйде болғаны анықталған.

"Полиция ер адамды уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына апарды. Тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019657-pavlodarda-sauda-uiinin-manynda-pysaqpen-zurgen-er-adam-ustaldy/

pixel