Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттен Ыстамбұлға ұшпақ болған жолаушыдан шамамен 41 млн теңгенің алтыны табылды

Опубликовано:

Қазақстандықтан табылған алтын құймалар
Қазақстандықтан табылған алтын құймалар. Көрнекі сурет: Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті

Шымкент-Ыстамбұл рейсімен ұшатын жолаушыдан алтын құймалар табылған. Оның жалпы салмағы 1,5 келіні, ал құны шамамен 41 миллион теңгені құраған. Бұл туралы Мемлекет кірістер комиетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 мамырда Шымкент-Ыстамбұл бағытындағы халықаралық рейске кедендік бақылауды жүргізу барысында бекет мамандары, шекара қызметі және әуежайдың әуе қауіпсіздігінің қызметкерлері бірлесіп, заңсыз тасымалдаудың жолын кесті.

Қазақстандық жолаушының жүгінен жалпы салмағы 1,434 келіні құраған алтын құймалар табылды. Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша тауардың алдын ала құны 41 миллион теңгеден асады.

Қазақстандықтан табылған алтын құймалар
Қазақстандықтан табылған алтын құймалар. Фото: Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті

Мемлекеттік кірістер комитетінде бағалы металдар үшін ЕАЭО кедендік аумағынан әкелу мен әкетудің рұқсат етілген тәртібі бар екенін еске салды.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 234-бабының 1-бөлігімен тіркелді. Іс материалдары сотта қаралу үшін Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу басқармасына жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019663-symkentten-ystambulga-uspaq-bolgan-zolausydan-samamen-41-mln-tengenin-altyny-tabyldy/

pixel