Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әріптестер болып шыққан": Көкшетауда көшеде төбелескен бір топ жас жігіт видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Мас күйде ұсталған азаматтар
Мас күйде ұсталған азаматтар. Фото: Telegram / Polisia.kz

5 мамыр күні Көкшетау қаласының Әуелбеков-Сағдиев көшелерінің қиылысында төбелес ұйымдастырған төрт жас жігіт ұсталған. ІІМ Telegram-арнасының хабарлауынша, ұсталғандар бір фирмада жұмыс істейтін әріптестер болып шықты.

Ведомствоның мәліметінше, құқық бұзушылар полиция басқармасына жеткізіліп, медициналық куәландыру жүргізілген.

Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша азаматтар мас күйде болғаны анықталды. Сондай-ақ ұсталғандар бір компьютерлік фирманың қызметкерлері екені әрі өзара әріптестер екендігі анықталды.

"Жанжалға қатысушылар ӘҚБтК 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", делінген ІІМ Telegram-арнасында.

Назар аударыңыз! Бейнежазбада бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019666-ariptester-bolyp-syqqan-koksetauda-kosede-tobelesken-bir-top-zas-zigit-videoga-tusip-qaldy/