Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 58 адамның ұсталғанын хабарлады

Опубликовано:

ҰҚК 58 адамның ұсталғанын хабарлады
Фото: t.me/knbgov_kz

Қазақстанның Каспий теңізіндегі шекаралық су айдындарында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында 58 құқықбұзушы мен 23 қайық ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 30 сәуірде Қазақстан мен Ресей елдерінің шекара қызметтері браконьерлік әрекеттердің жолын кесуге бағытталған жедел профилактикалық іс-шаралардың кезекті кезеңін өткізді.

Рейдтік іс-шаралар барысында Каспийдің Қазақстанмен шекаралас суларында 58 құқық бұзушы және 23 қайық ұсталған. Сондай-ақ ұзындығы 100 шақырымнан асатын браконьерлік тор және өзге аулау құралдары тәркіленді.

"Табиғи мекендеу ортасына 288 бекіре тұқымдас балық, 13 мың ұсақ тұқымды балық және 7 итбалық жіберілді", - делінген хабарламада.

Ұсталғандарға 1 647 375 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Мемлекетке 588 млн теңгеден аса келтірілетін залалдың алды алынған.

Қазіргі уақытта ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінің биологиялық байлығын қорғауға бағытталған шараларды жалғастыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019685-ulttyq-qauipsizdik-komiteti-58-adamnyn-ustalganyn-xabarlady/

pixel