Талдықорғанда білім басқармасының басшысы өз еркімен қызметінен кетті
Жарияланған күні:
Жетісу облыстық білім басқармасының басшысы Айжан Адамбекова өз еркімен қызметінен кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратты Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
Биыл сәуір айында Талдықорған қалалық білім бөлімінің бас бухгалтері ұсталғаны туралы хабарланған болатын. 48 жастағы әйел қомақты ақша алып қашпақ болған. Тінту кезінде Антикор әйелден 1 миллиард теңгеге жуық ақша тапты, оның басым бөлігі шетел валютасында сақталған.
Сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысы бойынша Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Ол білім басқармасында бюджет қаражатын жымқыру фактілерін жасырғаны үшін қарамағындағылардан 280 миллион теңге көлемінде ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020016-taldyqorganda-bilim-basqarmasynyn-bassysy-oz-erkimen-qyzmetinen-ketti/