Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында әкесі мен төрт баласы ажал құшты: оқиғаға қатысты жаңа дерек айтылды

Опубликовано:

Жансақтау бөлімі
Жансақтау бөлімі. Фото: "Астана"/Astana TV

Алматы облысындағы әкесі мен төрт баласы көз жұмған отбасының көршілері жедел жәрдем оқиға орнына бір сағаттан астам уақыттан кейін келгенін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, марқұмдар тұрған көшенің аты жоқ болғандықтан, жедел жәрдемнің келуіне бір сағаттан астам уақыт қажет еткен. Ауыл тұрғындарының айтуынша, олар жолға шығып, дәрігерлерге дұрыс жерге жету жолын көрсетуге мәжбүр болған.

"Бұл жерде 45 үй бар, бірақ көшеге атау берілмеген. Осылайша 12 жыл бойы тұрып жатырмыз. Жедел жәрдем бізге қалай жетеді? Көлік бір жарым сағатта келеді. Жедел жәрдем көлігіне дұрыс жол көрсету үшін біз сыртқа шығып, тұрғындарды сапқа қоюымыз керек", - дейді Елтай ауылының тұрғыны Сердалы Құлекеев.

Қайғылы оқиғадан тек отбасының анасы аман қалған. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты деген баға берді. Ол есін жиғанымен, не болғаны туралы және ауруханаға қалай жеткені есінде жоқ.

"Келгендердің барлығының жағдайы бірдей болды. Келіп түскендерге қойған алғашқы диагнозымыз көмірқышқыл газынан улану болды.

Олардан алынған алғашқы сараптаманың қорытындысы бойынша науқастардың ағзасында карбоксигемоглобиннің жоғары деңгейі (гемоглобин мен көміртегі тотығы қосылысы – ред.) анықталды. Осы бағытта көмек көрсетілген.

Бірақ төрт баланы аман алып қала алмадық. Ананың жағдайы тұрақты", - деді жансақтау бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Жүзбеков.

Сондай-ақ телеарнаның хабарлауынша, қайғылы оқиға орын алған күні отбасы қонақтарды қабылдағаны анықталды, бірақ қонақтар тарағаннан кейін не болғаны белгісіз.

"Аталған факті аудандық ішкі істер бөлімінде тіркелді, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекет жүргізілуде.

Айта кетейік, тергеуді аяқтау үшін Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің сынақ өрт сөндіру зертханасы мен газ қызметінің өкілдері шақырылды", - деді аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Айдар Умаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020022-almaty-oblysynda-akesi-men-tort-balasy-azal-qusty-oqigaga-qatysty-zana-derek-aityldy/

pixel