Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин запастағы әскерилерді әскери дайындықтан өтуге шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Опубликовано:

РФ президенті Владимир Путин
РФ президенті Владимир Путин. Фото: kremlin.ru

Ресей президенті Владимир Путин запастағы әскерилердің қатарына кіретін ресейліктерді әскери дайындыққа шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Тиісті құжат құқықтық ақпараттың ресми порталында жарияланған.

"Мен 2023 жылы запастағы әскер қатарындағы Ресей азаматтарын Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінде, Ресей Федерациясы Ұлттық гвардиясында, мемлекеттік қауіпсіздік органдары мен Федералдық қауіпсіздік қызметінде әскери дайындықтан өтуге шақырамын"", - делінген мәтінде.

Жарлыққа сәйкес Ресей Федерациясының үкіметі мен аймақтық билік органдары Ресей азаматтарын жинау шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс екендігі атап өтілді.

Қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

2022 жылы Ресейдегі ішінара жұмылдыру

Ресейде өткен жылдың 21 қыркүйегінде ішінара мобилизация жарияланып, артынша азаматтар елден жаппай кете бастаған болатын. Ресейліктердің басым бөлігі Қазақстанға кірген – соның салдарынан екі елдің шекарасында үлкен көлік кептелісі пайда болған еді. Қазақстанның кей қалаларында шетелдіктерге арналған күшейтілген халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды.

Ресей Қорғаныс министрлігі 31 қазанда мобилизацияның аяқталғанын хабарлады. Кейін мұны Путиннің өзі де растады.

Осы ретте қаңтарда Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жұмылдыру шаралары аяқталғанына қарамастан, ішінара жұмылдыру туралы жарлық неліктен күшін жоймағанын түсіндірді.

Сәуір айында Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы әскери қызметке жауаптылар үшін электронды шақыру қағазын енгізетін заң жобасын қабылдады. Ресейлік депутаттар әскери қызметке қатысты басқа да түзетулерді мақұлдаған. Құжатқа сәйкес, әскерге шақыру қағазы Gosuslug порталындағы әскери міндеттілердің жеке кабинетінде жарияланған кезден бастап әскер қатарына қабылданған болып есептеледі.

Кейін Мемлекеттік Думаның Қорғаныс комитетінің басшысы және қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Андрей Картаполов Ресей әскерін әскери тіркеу мен шақыру бойынша жаңа ережелер "жұмылдыру шарасының" жүйесіне реформалар енгізетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020024-putin-zapastagy-askerilerdi-askeri-daiyndyqtan-otuge-saqyru-turaly-zarlyqqa-qol-qoidy/

pixel