"Атамекен" ҰКП экс-төрағасы Абылай Мырзахметовтің қандай күдікпен ұсталғаны белгілі болды
Жарияланған күні:
"Атамекен" ҰКП басқармасының экс-төрағасы "алаяқтық жасады және пара беруге итермеледі" деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жаңалықтары Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.
Антикордың мәліметінше, 10 мамырда антикоррупциялық қызмет "Атамекен" ҰКП Басқармасының экс-төрағасы А.И. Мырзахметовті ұстады.
"Мырзахметов алаяқтықпен кәсіпкерді, оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінді", - дейді ведомстводан.
Күдікті Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы туралы ақпарат тексерілуде. Тергеу жалғасып жатқаны хабарланды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
"Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі", - дейді антикоррупциялық қызмет өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020076-atameken-ukp-buryngy-toragasy-abylai-myrzaxmetovtin-qandai-kudikke-ilingeni-belgili-boldy/