Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тамақты аударып алды": тойда даяшымен әзілдескен асаба жұрттың ашуына тиді

Опубликовано:

тойда
Видеодан кадр: Instagram/shyndykz

Әлеуметтік желіде асабаның даяшымен әзілдескен видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі shyndykz тобында жарияланған.

Кадрдан асабаның тойда даяшымен әзілдескенін, соның салдарынан мейрамхана қызметкерінің қолындағы табағын түсіріп алғанын аңғару қиын емес.

Бұны көрген желі оқырмандары асабаның әзілін орынсыз бағалап, оны сынап тастады.

"Асабаның әзілі орынсыз болды", "Асабаның әрекетіне қатты ашуланып отырмын", "Той басқарып тұрған азаматтың даяшыда не жұмысы бар?", "Соңғы уақытта асабалардың басым бөлігі тойда ойына келгенін істеп тұр", "Асабаныкі дұрыс емес. Даяшыға олай құрметсіздік көрсетпеу керек", "Асаба артық кетті. Не кешірім де сұраған жоқ", "Асаба жап-жас баланың әрекетін істеген екен. Оған өкініп те тұрған жоқ", "Өз өзімен жүрген даяшыны үркіткені несі? Одан да қонақтарын таңғалдыруды ойламай ма?", "Тамада неге бұндай әрекетке барды екен? Маған қызық болып тұр", - деді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020171-tamaqty-audaryp-aldy-toida-dayasymen-azildesken-asaba-zurttyn-asuyna-tidi-video/

pixel