Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Омарбеков ШҚО полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды

Опубликовано:

Ерлан Омарбеков
Жаңа қызметке келген Ерлан Омарбековты таныстыру сәті. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Шығыс Қазақстан облысының бас полицейі лауазымына полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан ІІМ жаңалықтары Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство мәліметінше, президент әкімшілігінің келісімімен ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысының бас полицейі лауазымына полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков тағайындалды.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының активіне және полиция департаментінің жеке құрамына жаңа бастықты Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов таныстырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020339-erlan-omarbekov-sqo-policiya-departamentinin-bastygy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel