jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

СҚО-да биыл 81-дегі ата үйленіп, 82 жастағы әжей күйеуге шыққан

неке жүзігі
Неке жүзігі. Көрнекі фото: pixabay.com

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 845 жұп шаңырақ көтерген. Оның ішінде жасы 80-нен асқан қарттар да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат СҚО әділет департаментіне сілтеме жасап.

СҚО әділет департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл некесін тіркеткендердің ең егде жастағысы – 82-дегі әжей. Сондай-ақ үйленгендер арасында 81 жастағы қария да бар.

Сонымен қатар биыл шаңырақ көтерген сегіз жұптың жасы неке жасынан, яғни 18-ден төмен болған. Бойжеткеннің жүкті болуына байланысты олардың некесі тіркелген.

Бұдан бөлек, биыл 228 жұп ажырасып кеткен.

"Биыл ажырасып жатқан ерлердің орташа жасы 41 болса, әйелдерде – 38. Былтыр ажырасқан ер адамдардың орташа жасы 33, келіншектерде 32 болды. Ал үйленгендердің орташа жасына келетін болсақ, ер адамдарда 34, әйелдерде 32 жас.

Бүгінде жастар шаңырақ көтеруге асықпайтын болған. Мәселен, осыдан 10 жыл бұрын жігіттер 29-да үйленсе, қыздар 27 жасында тұрмыс құрған", - дейді СҚО әділет департаментінің бас маманы Эмилия Зуевич.

Эмилия Зуевичтің айтуынша, ажырасуға әр түрлі жағдайдар себеп. Негізінен мінездің жараспауы, спирттік ішімдіктерге бейім болу, ерлі-зайыптылардың опасыздығы.

"Ал жастар арасында ажырасуға әкелген ерекше себеп – әйелі күйеуін "Альфонс" деп көрсеткен", - дейді ол.

СҚО-да биыл 81-дегі ата үйленіп, 82 жастағы әжей күйеуге шыққан

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.