Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда журналистің көлігін өртеді деген күдікпен ер адам ұсталды

Опубликовано:

Күдікті
Атырауды журналистің көлігін өртеді күдікпен ер адам ұсталды. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Атырауда полицейлер белгілі журналист Виктор Сутягиннің көлігін өртеп жіберді деген күдікпен ер адамды ұстады. Бұл туралы Қазақстан ІІМ жаңалықтары Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, полиция белгілі журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдікпен ер адамды ұстаған.

"Атырау облысының криминалдық полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні анықтап, ұстады", - деліген хабарламада.

Соынмен қатар қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу жалғасып жатқаны хабарланды.

Айта кетейік, 11 мамырда "ҚазАқпараттың" Атыраудағы меншікті тілшісі Виктор Сутягиннің көлігі өртенген болатын. Виктор Сутягиннің айтуынша, түнгі екіден кейін ер адамның көлігіне жақындағанын, көлік маңынды бірдеңе жасағаны камераға түсіп қалған, содан кейін көлік өртенген.

Қылмыстық кодекстің 202-бабы 3-бөлігі бойынша жәбірленушінің арызы тіркелген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020511-atyrauda-zurnalist-koligin-ortedi-degen-kudikpen-er-adam-ustaldy/

pixel