"Алматы жастары" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды
Жарияланған күні:
Белгілі бір қызмет саласында жұмыс істейтін жас алматылықтар бүгіннен бастап 5 пайызбен жеңілдетілген ипотекаға өтініш бере алады. Бұл туралы толығырақ "Отбасы банкінде" жарияланды.
Алматы және Қазақстанның кейбір қалаларында жеңілдетілген шарттармен тұрғын үй бағдарламалары бар. Бағдарлама аясында белгілі бір саладағы жас маман иелері жеңілдетілген шарттармен тұрғын үй сатып ала алады.
"Алматы жастары" бағдарламасына өтініштерді қабылдау 15 мамырда басталып, 31 мамырға дейін жалғасады. Тұрғын үй бағдарламасының әлеуетті қатысушылары almaty-zhastary.kz сайтында онлайн өтініш бере алады. Ол үшін үміткерлерге ЭЦҚ қажет.
"Алматы жастары" бағдарламасы 2017 жылы басталған болатын. Қазіргі таңда қаланың жас тұрғындары арасында өте танымал. Осы уақыт аралығында біз қала басшылығымен бірлесіп 3 393 жас азаматты 52,5 млрд теңгеге баспанамен қамтамасыз еттік. Биыл бағдарламаны жүзеге асыруға 20 млрд теңге бөлінді, оның 17 млрд теңгесі қалалық бюджеттен, 3 млрд теңгесі Отбасы банкінен. Бұл қаражат 1100 алматылық тұрғынның баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді", - дейді "Отбасы Банкі" АҚ Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары Элизада Туретаева.
Бағдарлама шарттары:
- қарыздың ең жоғары сомасы - 18 млн теңгеге дейін;
- пайыздық мөлшерлеме - 5%; бастапқы жарна - 10%;
- бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алуға болады.
Байқауға қатысу талаптары:
- Қазақстан азаматтығы;
- қатысушының жасы 35 жасқа дейін;
- үміткерде және оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үйдің болмауы және соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлату фактісінің болмауы;
- денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО және ҒЗИ, журналистика, әлеуметтік сала және құқық қорғау органдарында кем дегенде соңғы 6 айда еңбек өтілі және міндетті зейнетақы аударымдары болуы керек.
Бағдарламаға қатысты анықтама телефоны: +7 (727) 225 14 57.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020527-almaty-zastary-bagdarlamasy-boiynsa-otinim-qabyldau-bastaldy/