Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда соңғы бір айда баспанаға сұраныс артқан

Опубликовано:

Тұрғын үй құрылысы және ақша ұстап тұрған ер адам
Тұрғын үй құрылысы және ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде тұрғын үйлер арзандай бастағандықтан, ел тұрғындарының баспанаға сұранысына бірден әсер етті. Халықтың тұрғын үй сатып алуға деген сұранысы қанша пайызға өскені туралы Ұлттық статистика бюросы мәліметтер жариялады.

Бюро мәліметінше, бір ай ішінде (2023 жылғы сәуір 2023 жылғы наурыз аралығы) тұрғын үй нарығында арзандау барлық сегментте байқалды. Атап айтқанда, жаңа тұрғын үйді сату бағасы 0,6 пайызға, пәтерлерді қайта сату 1,5 пайызға төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда сәуірде 0,5 пайызға арзандады.

Сонымен қатар бір жыл ішінде (2023 жылғы сәуір 2022 жылғы сәуір аралығы) пәтерлерді қайта сату бағасы - 3,8 пайызға, жаңа тұрғын үйлерді сату - 7,8 пайызға өскен. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы сәуірде 27,6 пайызға артқан.

Бір жылда сұраныс қалай өсті?

2023 жылдың наурыз айымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 29,7 пайызға (5 351 мәмілеге) өскен. Сәуір айында пәтерлер бойынша барлығы 23 349 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 74,3 пайызы. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, сәуір айында олардың 8 830-ы ресімделді. Сауданың негізгі үлесі Алматы және Астана қалаларына (41,2 пайыз) тиесілі.

Тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша мәмілелер динамикасы
Тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша мәмілелер динамикасы. Инфографика: Ұлттық статистика бюросы

Осы жылдың наурыз айымен салыстырғанда, жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 29 пайызға (1 821 мәмілеге) өсіп, 8 096-ны құрады. Өсім барлық аймақ бойынша тіркелді, сандық мәнде ең үлкен өсім Алматы (+248 мәміле), Маңғыстау (+142 мәміле) облыстарында және Шымкент (+131 мәміле) қаласында байқалды.

Бұдан бөлек сәуір айында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өсті. 2023 жылғы сәуірде сатып алу-сату бойынша 31 445 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 096 және пәтерлер бойынша 23 349 мәміле жасалды. 2023 жылдың наурызымен салыстырғанда (24 273) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 29,5 пайызға өсті. Мәмілелер саны бойынша Алматы (5 559 - 17,7 пайыз) және Астана (4 772 - 15,2 пайыз) қалалары көш басында. Ұлытау облысында ең аз 342 бірлік (1,1пайыз) мәміле тіркелген.

2023 жылдың наурыз айымен салыстырғанда сәуірде ең көп өсім Қостанай (46,2 пайызға), Маңғыстау (45,5 пайызға) және Ақтөбе облыстарында (45,2 пайызға) тіркелді. Сондай-ақ оң көрсеткіш еліміздің барлық аймағында байқалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2020069-qazaqstanda-songy-bir-aida-baspanaga-suranys-artqan/

pixel