Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ішінде сәбиі бар бесік арбаны жолдың қақ ортасына тастап кеткен

Опубликовано:

Бесік арба
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Алматы облысында бесік арбадан табылған сәби туралы ақпарат пайда болды. Полиция баланың анасын анықтап, жауапкершілікке тартты.

KYN.KZ жаңалықтар агенттігінің Instagram желісіндегі парақшасында ерлі-зайыпты жолдың қақ ортасынан бесік арбаға салынған баланы тауып алғаны туралы ақпарат пайда болды. Оның жанында ата-анасы болмаған. Жазбадағы ақпаратқа сәйкес, ерлі-зайыпты баланың ата-анасын бір сағаттан артық іздеген, алайда сол күйі таба алмаған.

Алматы облысы полиция департаментінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, баланың анасы анықталған.

"15 мамырда Қарасай аудандық ПБ сағат 10.08-де Үлкен Алматы айналма жолы тасжолының 5 километрінде кішкентай бала табылған. Аталған ақпарат Қарасай ауданы полциясында тіркелді. Аталған фактіні тексеру барысында оқиға орнына дереу полиция жасағы жіберіліп, көп ұзамай баланың анасы анықталды", - делінген полиция хабарламасында.

Аталған факті бойынша полиция әйелге ӘҚбК 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырған.

Сонымен қатар сәбидің ата-анасымен профилактикалық, түсіндірме сипаттағы әңгіме жүргізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020667-almaty-oblysynda-isinde-sabii-bar-besik-arbany-zoldyn-qaq-ortasyna-tastap-ketken/

pixel